• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:53

Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейтілді

20 рет
көрсетілді

Алакөл жағалауында қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын күшейтуге  Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, Көліктік бақылау инспекциясы мен Полиция департаментінің мамандары жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дрондар арқылы патрульдеу жүйесі енгізілді

Жағалау бойында бейнебақылау камералары орнатылған. Мысалы, Ақши ауылында 44, Көктұмада 9 бақылау камерасы іске қосылады. Дрондар құқық бұзушылықты анықтап, жедел түрде учаскелік инспекторларға хабар береді.

Суды ортақ пайдалану ережелерін сақтау мақсатында облыста арнайы тәртіп бекітілген. Су көліктерін бақылау үшін көліктік бақылау инспекторларының саны артты. Қазірдің өзінде 23 заң бұзушылық тіркеліп, 12 шағын кеме айып тұрағына қойылған.

«Біздің басты мақсатымыз – айыппұл салу емес, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»,  дейді облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Дастан Жұмақұлов.

Қоғамдық тәртіп пен медицина қызметі қамтамасыз етілген

Көл жағалауларында полиция қызметкерлері тәулік бойы тәртіпті қадағалап, арнайы патрульдік автоэкипаждар жұмыс істеуде. Полиция департаментінің мәліметінше, осы маусымда ішімдік ішу, рұқсатсыз сауда жасау және тазалықты бұзу сияқты 28 құқық бұзушылық тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда тәртіп бұзушылық айтарлықтай азайған.

Сондай-ақ Ақши ауылында тәулік бойы жедел жәрдем, дәрігерлік амбулатория мен дәріхана жұмыс істейді. Облыс орталығынан кардиолог, травматолог сынды дәрігерлер кезең-кезеңімен іссапарға жіберіліп тұрады.

Алакөл жағалауында 22 санитарлық-гигиеналық торап пен 180 қоқыс контейнері орнатылып, тазалық шаралары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.