• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика Бүгін, 14:46

Кира Данилова ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

10 рет
көрсетілді

Ауыр атлетикадан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде отандасымыз Кира  Данилова топ жарды, деп жазады Egemen.kz.

Кира Данилова 69 келіге дейінгі салмақта жасөспірім қыздар арасындағы сайыста бақ сынады. 

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, қоссайыс нәтижесінде ел спортшысы 198 (87+111) келіні еңсерген. 

Жалпы есепте 186 (81+105) келіні көтерген өзбекстандық Динура Холдорова екінші тұғырға көтерілсе, үштікті тағы бір қазақстандық зілтемірші  Софья Шальгина 175 (82+93) келімен түйіндеді.