• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Инвестиция Бүгін, 15:37

Ұлытау облысында респиратор шығаратын зауыт ашылды

50 рет
көрсетілді

Ұлытау облысында бірнеше инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Респиратор шығаратын зауыттың ашылуы соның бір нәтижесі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл - соңғы үш жылда өңірде жүзеге асырылған он екінші инвест жоба. Құны - 800 миллион теңге. Завод жылына 5 миллион дана сапалы респираторлар мен сүзгі маскаларын өндіреді. Жобаны жүзеге асырушы - «Ulytau Industrial Company» ЖШС.

Бұл өңірдің өнеркәсіп әлеуетін нығайтып, отандық өндірушілерді дамытуға ықпал етеді.

Зауыттың ашылу салтанатына арнайы қатысқан Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков:

«Облыс әкімдігі инвестицияларды тарту және кәсіпкерлікті қолдау жұмыстарын басым міндет ретінде қарастырады. Біз инвесторларға қолайлы жағдай жасауға, тиісті кедергілерді азайтуға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған шараларды жалғастыра береміз», деді.

2024 жылы Ұлытау облысында жалпы сомасы 34 млрд теңгеге 9 инвестициялық жоба іске асырылды. Осы жоба аясында 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

2025 жылы өңірде жалпы құны 138 млрд теңгеге 17 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

«Әзірге Ұлытау облысының өндіріс, кәсіпорындарын қамтамасыз етеміз. Күзге қарай қуаттылығымызды арттырып, Қазақстан нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. Ол уақытта өнімдеріміздің саны артып, қызметкерлер саны да көбейеді», дейді инвестор Қалмұрат Мәдишев.

Ұлытау облысы