• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 04 Шілде, 2025

Бұрын-соңды болмаған өсімдік

60 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Юта штатында ға­лымдар ешбір түрге жатпайтын ежелгі өсімдіктің тасқа айналған қал­дық­тарын тапты.

Зерттеушілер оны «Othniophyton elongatum» деп атаған. Ерекше құрылымы үшін «өзге ғаламшарлық өсімдік» деген бейресми атау да берілген. Бірінші үлгі 1969 жылы Грин-Ривер формация­сынан табылған. Ал екінші табылғаны – жапырағы, гүлі мен жемісі бар кәдімгі өсімдік. Зерттеу нәтижесі бойынша өсімдік 400-ден астам қазіргі белгілі гүлді өсімдіктер тұқымдасының ешқайсысына жатпайды. Өсімдіктің жасы – шамамен 47 миллион жыл.