Кембридж университетінің ғалымдары адамның ДНҚ-сын қолдан құрастыруды бастады. Бұл – тарихта алғаш рет жүзеге асып отырған тәжірибе.
Жоба «Synthetic Human Genome» деп аталады. Оған 7 миллиард бөлінген. Қаржыны «Wellcome Trust» қайырымдылық қоры берген. Мақсат – адамның генетикалық кодын молекула бойынша жасап үйрену. Бұған дейін ғылым ДНҚ-ны оқи алатын. Енді оны қайта жазуға көшті. Жоба сәтті болса, болашақта жазылмайтын ауруларға қарсы жаңа емдеу әдістері пайда болуы мүмкін. Бірақ бұл бастаманың екінші жағы да бар. Кейбір ғалымдар технологияның бақылаудан шығуынан қауіптенеді. Себебі егер генетикалық кодты құрастыру оңай әрі қолжетімді болса, оны кім, қандай мақсатқа пайдаланатынын ешкім болжай алмайды.