Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше аталған облыста Ислам Даму Банкінің қолдауымен 2 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақсу ауданында 108,7 км канал жаңғыртылып отыр. Каналдар тазаланып, бетондау, құрылымдар орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Көксу ауданында 2023 жылы басталған жаңғырту жұмыстары шеңберінде 11 км канал жөнделді. Жоба 6,8 мың га жердің суару жүйесіне әсер етеді. Бірнеше канал бойынша құрылыс жүргізу және құрылымдар орнату жалғасын тауып отыр.
Жобалар 2026 жылы пайдалануға берілгеннен кейін 18,3 мың гектардың суару жүйесі жақсарады. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.