Бүгін Астанада өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жеті қазақстандық боксшы ширек финалдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Күндізгі сессияның тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады, ал кешкі сессия сағат 19:00-де басталады. Бокс жекпе-жектерін тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.
Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі:
Күндізгі сессия3-жұп (А рингі). Әйелдер. 70 кг. Наталья Богданова — Барбара Мария дос Сантос (Бразилия)
5-жұп (В рингі). Ерлер. 60 кг. Серік Теміржанов — Сүнсүкэ Китамото (Жапония)
10-жұп (А рингі). Ерлер. 80 кг. Нұрбек Оралбай — Лакшья Чахар (Үндістан)
Кешкі сессия2-жұп (В рингі). Әйелдер. 57 кг. Айдана Забынбекова — Алисса Мендоса (АҚШ)
3-жұп (В рингі). Ерлер. 55 кг. Махмұд Сабырхан — Аарон Джуд Бадо (Филиппин)
6-жұп (В рингі). Ерлер. 75 кг. Сабыржан Аққалдықов — Джошуа Офори (Канада)
8-жұп (А рингі). Ерлер. 90+ кг. Айбек Оралбай — Диего Ленци (Италия)