• RUB:
    6.61
  • USD:
    519.57
  • EUR:
    612.78
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Ақмола облысында шомылу маусымы басталғалы 12 адам суға батып кеткен

50 рет
көрсетілді

Ақмола облысында шомылу маусымы басталғалы 12 адам суға кеткен, оның ішінде бір жасөспірім бар. Бұл туралы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бақыт Абланов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, жыл сайын өңірдегі су айдындарында шамамен 20 адам қаза табады. Судағы қайғылы оқиғалардың басым бөлігі дәл осы шомылу кезеңінде тіркеледі.

«Соңғы үш жылда шомылу маусымында 51 адам көз жұмды, оның 19-ы кәмелетке толмағандар. Биылдың өзінде маусым басталғалы бері 12 адам қаза тапты», деді Бахыт Абланов.

Сонымен қатар Бақыт Абланов — алкогольдік мас күйде шомылу, балаларды қараусыз қалдыру, өз мүмкіндігін дұрыс бағаламау мен жүзу білмеу, сондай-ақ рұқсат етілмеген және жабдықталмаған орындарда суға түсу адам өліміне жиі себеп болатынын айтты.

Айта кетейік, бүгінде облыс аумағында 69 ресми жағажай жұмыс істейді. Сонымен қатар, балаларды жүзуге үйрету мақсатында арнайы қауіпсіз үйрету орындары ұйымдастырылған.

Өңірдегі су айдындарында қауіпсіздікті 99 құтқарушы қадағалайды. Олардың иелігінде 20 техника және 32 жүзу құралы бар. Жергілікті атқарушы органдар және құқық қорғау құрылымдарымен бірлесіп 500-ге жуық профилактикалық рейд жүргізілген. Нәтижесінде 47 тұрғын судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.