«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйек пен 2025 жылғы маусым аралығында елімізден шетке жөнелтілген жаңа астық өнімінің көлемі 9 млн тоннаға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға артық, деп жазады Egemen.kz.
Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш – қазақстандық астыққа сыртқы нарықтарда сұраныстың жоғары екенінің айқын дәлелі. Сонымен қатар, экспорт географиясының кеңеюі мен логистикалық инфрақұрылымның жаңартылуы да оң нәтиже берген.
Астық жөнелтудің негізгі бағыттары – дәстүрлі түрде Орталық Азия мен жақын шетелдер. Атап айтқанда:
Өзбекстанға – 3,3 млн тонна (өсім – 32%),
Тәжікстанға – 1,2 млн тонна (+45%),
Ауғанстанға – 309 мың тонна (+46%),
Қырғызстанға – 233 мың тонна (+94%),
Иранға – 974 мың тонна (17,5 есе көп),
Әзірбайжанға – 707 мың тонна (116 есе артқан).
Иран мен Әзербайжан бағытындағы өсім халықаралық көлік дәліздерінің дамуы мен екіжақты экономикалық әріптестіктің нығаюымен тығыз байланысты.