• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.29
  • EUR:
    613.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

40 автокөлік табысталды

20 рет
көрсетілді

Жуырда Қазақстан полициясы күніне орай Қонаев қаласының Орталық алаңында өткен салтанатты іс-шара барысында Алматы облыстық Полиция департаментіне 40 жаңа қызметтік автокөліктің кілті табыс етілді. Бұл – өңірде құқықтық тәртіпті нығайту мен құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған игі іс, деп жазады Egemen.kz.

Сондай-ақ автопарктің жаңартылуы полиция қызметінің тиімділігін арттырып, құқық қорғау органдарының мобильділігін, қылмыстарға жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтетін болады.

«Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде техниканың маңызы зор. Заң үстемдігін қамтамасыз ету, қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – мемлекеттің басым бағыттары. Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі керек», – деген өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев полиция қызметкерлерінің еңбегіне сәттілік тіледі.

Су жаңа қызметтік көліктер Қонаев, Алатау қаласы мен Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарының полиция бөлімдеріне берілді.

Дерек көздеріне сүйенсек, соңғы үш жылда Алматы облысында ішкі істер саласын дамытуға 51 млрд теңгеден астам қаржы бағытталып, 167 автокөлік, заманауи техникалар, планшеттер мен серверлік құрылғылар сатып алынған. Сонымен қатар бейнебақылау жүйелері орнатылып, 20 шұғыл түймесін (SOS) іске қосу жоспарлануда.

Бүгінде облыс аумағында 51 мыңнан астам бейнебақылау камерасы іске қосылған.

Салтанатты жиын барысында қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Тәуелсіздік жылдары өңірде 40 плицей қызметтік міндетін атқару барысында өмірден өткен.  

Алматы облысы.