• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:30

Халық ең тығыз қоныстанған өңірлер анықталды

20 рет
көрсетілді

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдайға сәйкес еліміздегі халық саны 20 370 672 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. Жыл басынан бергі өсім 87,2 мың адамды құрап отыр. Оның ішінде негізгі үлес – 80 мың адам табиғи өсімнің (туу мен өлімнің арақатынасы) есебінен болса, қалған 7,2 мың адам көші-қон аясында тіркелген, деп жазады Egemen.kz.

Бюро деректеріне сүйенсек, еліміздің 7 өңірінде халық саны 1 миллионнан асып кеткен. Тізімнің көшін Алматы қаласы бастап тұр – мегаполисте 2,3 миллионнан астам адам өмір сүріп жатыр.

Халық ең көп шоғырланған өңірлер:

Алматы қаласы – 2 314 929 адам

Түркістан облысы – 2 150 992 адам

Алматы облысы – 1 575 657 адам

Астана қаласы – 1 566 566 адам

Шымкент қаласы – 1 274 296 адам

Жамбыл облысы – 1 220 481 адам

Қарағанды облысы – 1 133 068 адам

Бұл тізімнен еліміздегі ірі урбанизацияланған қалалар мен оңтүстік аймақтардың демографиялық салмағы айқын аңғарылады. Алматы, Астана, Шымкент секілді үш ірі қала жеке дара миллион тұрғыны бар шаһарлар болса, Түркістан мен Алматы облыстары да халық саны жағынан алдыңғы қатарда.

Мамандардың айтуынша, халық санының осындай серпінді өсуі еңбек ресурстарының артуына, ішкі нарықтың кеңеюіне, сондай-ақ әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың маңыздылығын арттыруға сеп болады.