• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 01 Шілде, 2025

Президент Асхат Жұмағалиға нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді

50 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға белсенді және нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды бекітті. Соған сәйкес, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикоррупциялық қызмет) таратылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді.

ҰҚК құрылымында жаңа орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құрылады.