• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:55

Қазақстанда су жүйелерін жаңғыртуға 188 млрд теңге бөлінді

20 рет
көрсетілді

Биыл Қазақстан бойынша қалалар мен ауылдарда ауыз сумен жабдықтау жүйелерін салу және жаңғыртуға 188 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат республикалық бюджет пен Арнаулы мемлекеттік қор есебінен бөлініп, 445 жоба аясында игеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бағдарлама шеңберінде елді мекендерде су құбыры желілерін тарту, реконструкциялау және кеңейту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ұзындығы 8,5 мың шақырымнан асатын желілер жаңартылып, жаңа нысандар іске қосылуда. Сонымен қатар, ірі қалаларда су тазарту құрылыстары жаңартылып, кейбірі толық аяқталған.

«Астана қаласында құны 118 млрд теңге болатын су сорғы-фильтр стансасы салынып, магистралдық су құбыры қайта жаңғыртылды. Атырауда 17 млрд теңге сомаға сүзгі стансасын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды және Қостанай мен Көкшетауда су тазарту құрылыстарын жаңғырту аяқталуға жақын», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Жобалар халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақтылығын арттыру және инфрақұрылымды жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатыр.