• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Несие тарихын қалай тексеруге болады

20 рет
көрсетілді

Қаржы нарығында сенімді тұтынушы болудың бір шарты – несие тарихының оң болуы. Кейінгі кездері автосалондар мен түрлі сауда орындарының тарапынан «несие тарихыңыз жақсы болса, көлік немесе тауарды шығарып береміз» деген жарнамалар жиі кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұндай жағдайда азаматтар үшін өз несие тарихын алдын ала тексеру маңызды бола түседі. Несие тарихы – бұл жеке немесе заңды тұлғаның атына рәсімделген барлық несие мен қарыздар жөніндегі мәліметтерді, олардың төлену мерзімдері мен тәртібін қамтитын ресми құжат. Яғни, банктер мен қаржы ұйымдары қарыз бермес бұрын, сіздің осы тарихыңызды мұқият зерттейді. Себебі онда сіздің бұрынғы төлем тәртібіңіз, мерзімін өткізу фактілері, толық төлем туралы деректер сақталады.

Әр азамат өз несие тарихын жылына бір рет тегін тексере алады. Қайтадан сұрату ақылы негізде жүргізіледі. Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген.

Несие тарихы есебін алу бірнеше тәсіл арқылы жүзеге асады. Азаматтар оны Бірінші кредиттік бюроның ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы сұрата алады. Сонымен қатар eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, «Қазпошта» бөлімшелерінде және Бірінші кредиттік бюроның кеңсесінде де алуға болады. Бұған қоса Мемлекеттік кредиттік бюро арқылы да есеп қолжетімді.

«Егер сіз өзіңіздің кредиттік есебіңізде дәйексіз деректерді – мысалы, өтелген қарыз немесе толық төленген кредит бойынша төлем мерзімін кешіктіру туралы жазбаны байқасаңыз, міндетті түрде тиісті банкке немесе МҚҰ-ға хабарласыңыз. Шағымдарыңызды тиісті құжаттармен растаңыз», деп түсіндіреді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.