• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 17:40

Әлем экономикасын шайқалтқан бес үрдіс

20 рет
көрсетілді

Бүгінгі жаһандық экономика кеше ғана таныған бейнемізден алыс. Әлем бұрынғыдай біртұтас нарық емес. Қазір дүниежүзінің қаржылық және өндірістік құрылымын бес басты үрдіс тербетіп тұр: деглобализация, декарбонизация, дүдәмәл қарыз, демография және диджитализация. Сарапшылар бұл құбылыстарды «бес Д-ның дауылы» деп бейнелейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Деглобализация бұл елдердің өз өндірісін ішкі нарыққа бағыттап, импортқа тәуелділіктен арылтуға ұмтылысы. Бұрын бір-бірімен тығыз байланысқан мемлекеттер енді оқшауланып, экономикалық шекараларын бекітіп жатыр. Мұның салдары инфляцияның күшеюі мен халықаралық нарықтың тұрақсыздығы.

Декарбонизация климаттың өзгеруі енді жай қауіп емес, нақты дағдарысқа айналды. Дауыл, өрт, тасқын сияқты табиғи апаттар жиілеп, мемлекеттердің бюджетіне зор салмақ түсіріп отыр. Бұл да инфляцияны үдете түседі.

Демография дүниежүзі елдерінде халықтың қартаюы мен туу көрсеткішінің азаюы байқалып жатыр. Бұл зейнетақы мен денсаулық сақтау шығынын арттырып, жұмыс күшінің жетіспеуіне алып келеді. Нәтижесінде салық базасы тарылып, әлеуметтік жүйелерге қысым артады.

Дүдәмәл қарыз пандемия кезеңінде алынған триллиондаған қарыз қазір көптеген елдердің мойнындағы ауыр жүкке айналды. Кейбір мемлекеттерде бұл борыш көлемі қорғаныс шығынынан да асып түсті.

Диджитализация осы бес үрдістің ішіндегі жалғыз үміт оты. Генеративті жасанды интеллект, автоматтандыру және цифрлық шешімдер өндірістің тиімділігін арттырып, экологияны жақсартуға, энергияны үнемдеуге жол аша алады.