Заң мәтіндері баспасөз беттерінде жарияланады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының келесі заңдарына қол қойды:
— «Мақсатты капитал қорлары мен эндаумент-қорлар (мақсатты капиталдар) туралы»
— «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақсатты капитал қорлары мен эндаумент-қорлардың (мақсатты капиталдардың), сондай-ақ Арал маңы қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумақтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Бұған дейін Сенат Қазақстанда эндаумент-қорлардың қызметіне қатысты заң жобасын мақұлдаған болатын.