• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 15:15

Назым Қызайбай келесі айналымға өтті

10 рет
көрсетілді

Астанада World Boxing Әлем кубогінің алғашқы жекпе-жектері сағат 14:00-де басталды. Бүгін Қазақстанның 5 боксшысы жекпе-жек өткізетіні хабарланған, деп жазады Egemen.kz. 

Аталған бокс кешінің 1/8 финалында Назым Қызайбай канадалық Приянка Дикллонды 5:0 көрсеткішімен ұтты. Енді отандасымыз 1/4 финалында жұдырықтасады, оның келесі қарсыласы өзбекстандық Фарзона Фозилова.

Аталған турнирде тағы бір бұрымды боксшымыз жеңіске жетті. 1/16 финалында неміс боксшысы Татьяна Обермайерді 5:0 есебімен ұтқан Әнел Сақыш енді 1/8 финалы бойынша өзбекстандық Феруза Казаковамен жұдырықтасады.