• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:15

Оқу – уақыт ішіндегі саяхат

40 рет
көрсетілді

«Бір сөз, одан кейін тағы біреуі, осылай жалғаса берсе, бұл – күш».

– Маргарет Этвуд

«Кітапқа бір көз жүгіртсең болды – біреудің, бәлкім, мың жыл бұрын қайтыс болған адамның дауысын естисің. Оқу – уақыт ішіндегі саяхат».

– Карл Саган

***

«Маған кітап оқитын отбасын көрсет, мен саған әлемді жаулайтын адамдарды көрсетейін».

 – Наполеон Бонапарт

***

«Кітап – бұл бақ, бақ болғанда, жеміс бағы, қойма, мереке, жолсерік, кеңесші, кеңесшілердің көпшілігі».

– Шарль Бодлер

***

«Өткен уақытқа көз сала отырып, әдебиеттің өміршеңдік күшіне тағы да таң қаламын. Егер мен бүгінгі күні өз орнымды іздеп жүрген жас  болсам, қайтадан кітап оқу арқылы өзімді таныр едім – мен жастық шағымда дәл солай істегенмін».

– Майя Энджелоу

***

«Оқуды балаларға міндет немесе ауыртпалық ретінде ұсынуға болмайды. Оны сыйлық ретінде ұсыну керек».

 – Кейт ДиКамилло

***

«Кітаптар адамдар сияқты – өміріңде саған дәл керек кезде пайда болады деп ойлаймын».

– Эмма Томпсон

***

«Мектепте оқуға рұқсат бермеген кітаптарды оқи бастағанда ғана, мен ессіз де бақытты болып, басқаларға ұқсамай-ақ жақсы өмір сүруге болатынын түсіндім».

– Джон Уотерс

***

«Кітаптар – өзімен бірге алып жүруге болатын ерекше сиқыр».

 – Стивен Киң

***

«Кітаптар – айна іспетті: олардан сен өзіңде бар нәрсені ғана көресің».

 – Карлос Руис Сафон

***

«Сөйлемес бұрын ойлан. Ал ойланбас бұрын оқы».

 – Фран Лебовиц

***

«Кел, ақылмен саралап, аптаға сегізінші күн қосайық – тек оқуға арналған күн».

– Лена Данэм

***

«Егер саған кітап оқу ұнамаса, сен өз кітабыңды әлі таппағансың».

 – Дж. К. Роулинг

***

«Мен диванда кітап оқып отырып әлі тірі екенімді сезіне аламын».

 – Бенедикт Камбербэтч

***

«Кейбір кітаптар бізді босатады, кейбірі – еркіндікке жетелейді».

 – Ральф Уолдо Эмерсон

***

«Біз жалғыз еместігімізді білу үшін кітап оқимыз».

 – К.С. Льюис

***

«Кітапты сөзбе-сөз, парақтап оқығанда, сен оның жасалуына қатысасың – дәл Бахтың шығармасын орындап отырған виолончелист сияқты. Және сен қайта-қайта оқығанда, сол кітап та сені – сенің ойыңды, сезіміңді, жан-дүниеңнің көлемі мен сипаттарын қалыптастырады».

 – Урсула К. Ле Гуин

***

«Көп оқы. Кітаптан үлкен, асқақ та терең нәрсе күт. Қайта оқуға татымайтын кітап – оқуға да татымайды».

– Сьюзен Зонтаг

***

«Оқуды үйренсең, мәңгілік еркін боласың».

– Фредерик Дугласс

***

«Әдебиет – біз әлем туралы үйренетін және бір буыннан келесіге құндылықтар жеткізетін қауіпсіз де дәстүрлі құрал. Кітаптар өмірді сақтап қалады».

 – Лори Андерсон

***

«Көркем әдебиетті оқу маңызды. Бұл – өзімізге жат өмірді елестетуге мүмкіндік беретін тәсіл, ал ол бізді мейірімді, жанашыр ете түседі. Күрделі оқиғаларды қадағалау миымызды қысқа хабарламалардан биікке көтереді, ал роман әлемінде өмір сүру – тыныштық пен жалғыз болу дағдысын қалыптастырады, ал бұл екеуі қазір мұздықтардан да тез жоғалып барады».

 – Энн Пэтчетт

***

«Оқу мен жазу – өмір бойғы тәжірибе. Сөздермен белгілі бір тәсілде кездескен кезде, олар бізді қиялдың болмысына, күшіне, қатысуына итермелейді».

 – Эудора Уэлти

 

 Ағылшын тіліне аударған

 Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН