• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

«Қауіпсіз терезелер – балалардың қауіпсіздігі» атты профилактикалық акция өтті

20 рет
көрсетілді

Ұлытау облысында «Қауіпсіз терезелер – балалардың қауіпсіздігі» атты профилактикалық акция өтті. Іс-шараны облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның мақсаты – балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу және тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шараға ТЖД қызметкерлерімен қатар волонтерлер, полиция қызметкерлері және денсаулық сақтау мекемелерінің мамандары қатысты. Олар тұрғындарға төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды көрсетіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Қатысушыларға терезе мен балкондардағы қауіпсіздік шаралары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, балаларға үйде абай болудың маңыздылығы айтылды. Ата-аналарға кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ жауапкершілік екені ескертілді.

Мұндай іс-шаралар балалардың жарақат алу жағдайларын азайтуға және тұрғындардың қауіпсіздік туралы ақпараттануын арттыруға зор ықпал етеді.

Ұқсас профилактикалық акциялар Ұлытау облысында алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.