• RUB:
    6.62
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.18
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:12

Қазақстанда 2026 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері артады

30 рет
көрсетілді

Елімізде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, 2024 жылы Еңбек министрлігі осы жылдар ішінде алғаш рет еңбек өнімділігіне, нарықтағы орташа жалақыға және инфляция деңгейіне байланысты ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесін бекітті.

«Қазіргі уақытта бірнеше институт еңбек өнімділігі, медианалық жалақы бойынша нақты деректерді жинап, өңірлер мен салалар бойынша талдау жүргізіп жатыр. Бұл мәліметтер ЕТЖ мөлшерін анықтауда негіз болады», деді Светлана Жақыпова.

Министр зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ең төменгі жалақыны 2026 жылдың қаңтарынан бастап көтеру қарастырылып отырғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар