• RUB:
    6.62
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.18
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:20

АҚШ Украинаға қаржылық көмекті қысқартты

20 рет
көрсетілді

АҚШ 2026  жылға Украинаға бағытталған бірқатар қор бойынша шығындарын азайтты. Бұл туралы Пентагон басшысы Пит Хегсет әуе күштері генералы Дэн Кейнмен өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Атап айтқанда, екі қор қысқартылды – Коалицияны қолдау қоры және Украинадағы қауіпсіздікке жәрдемдесу бастамасы», деді Пит Хегсет.

АҚШ-тың бұл шешімі халықаралық қауымдастық, әсіресе Еуропа елдері тарапынан алаңдаушылық тудырып отыр. 25 маусым күні Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус Еуроодақ елдері Украинаға көмек көрсетуге қатысты АҚШ-тың қызығушылығын сақтап қалу үшін күш салып жатқанын мәлімдеді.

Писториустың айтуынша, АҚШ-тың Украинаға қолдауы тек әскери көмектің көлемімен шектелмейді, ол сондай-ақ НАТО серіктестеріне берілетін саяси және стратегиялық сигнал рөлін де атқарады.

Соңғы жаңалықтар