Швециядағы «ICA» атты супермар-кеттер желісі 2001 жылдан бері бұрын-соңды болмаған ерекше тәсілмен жарнама жасап келеді. Аталған компания теледидардан жай ғана ролик көрсетпейді, шағын сериал ұсынады.
Әр роликтің ұзақтығы небәрі 30-45 секунд, бірақ оқиға желісі қызықты әрі тартысты болғандықтан көрермендер бұл жарнаманы тіпті асыға күтетін болған. Жаңа эпизодтар әр екі апта сайын шығып тұрады, ал жұртшылық бұл сюжеттерді мини-сериал секілді қабылдайды. Осылайша, «ICA» жарнамасы осы күні әлемдегі ең ұзақ әрі ең танымал жарнамалық телесериалға айналды.