• RUB:
    6.61
  • USD:
    518.5
  • EUR:
    601.62
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:25

Ерекше маркетинг

20 рет
көрсетілді

Қазіргі фастфуд индустриясының негізін қалаған «White Castle» компаниясы 1921 жылы ашылып, гамбургерлер дайындай бастады. Олар жаңа әрі тосын тағамға тұтынушыларды тарту мақсатында бүгінге дейін қолданылатын бірнеше әдісті пайдаланды.

Бұдан бөлек, компания ерекше маркетингтік әдістерге де жүгінді. Мысалы, арнайы жалданған адамдар ақ дәрігерлік халат киіп, кезекте тұратын. Себебі бұл адамдарды көрген жұрт «тіпті дәрігерлердің өзі гамбургер сатып алып жатыр» деп ойлап, халықтың осы тағамға деген сенімі мен қызығушылығы арта түсті. Осылайша, «White Castle» компаниясы гамбургерді халыққа сенімді әрі «қауіпсіз» тағам ретінде таныта білді.