Бір суреттің ішінде дәл сол суретті кішірейтіп қайталау әдісін Дросте эффектісі деп атайды. Бұл атау «Droste`s cacao» брендімен байланысты.
Себебі бұл визуалды әдіс алғаш рет дәл осы какаоның қорабында қолданылған. Қораптың сыртында медбике бір табақ ұстап тұр, ал табақта – Droste какаосының өзі. Ал сол қораптың бетінде… дәл сондай медбике, дәл сондай табақ, дәл сондай қорап. Бұл бейне осылайша шексіз қайталанып кете береді. Ғалымдар бұл эффектіні кейін өнерде, дизайн саласында кеңінен қолдана бастады. Осылайша, бір өнімнің жарнамасында қолданылған бейнелеу тәсілі кейіннен тұтас визуалды әдістің атауына айналды.