• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Бүгін, 11:46

Аралдың құрғаған табанына 48,7 млн сексеуіл отырғызылған

40 рет
көрсетілді

Ел Президенті 2027 жылға дейін елімізде 2 млрд ағаш өсіруге тапсырма берген болатын. Осы тапсырма аясында 1,3 млрд-тан астам көшет, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған табанына 48,7 млн сексеуіл көшеті егілген, ал елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Бұл туралы Үкімет отырысында айтқан Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың мәліметінше, 2024 жылдан бастап орман мелиорациялық жұмыстардың едәуір көлемі ірі компаниялардың қатысуымен бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылған. Жерсінуі мен өміршеңдік деңгейі жоғары сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз ету мақсатында орман тәлімбақтарын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазалы қаласындағы 33 гектар алаңда қуаттылығы жылына 3 млн көшет болатын орман тәлімбағының құрылысы аяқталған. Биыл ауданы 15 гектар жаңа тәлімбақты жобалау, сондай-ақ орман мелиорациясымен айналысатын қызметкерлер үшін өндірістік модульдерді жеткізу жұмыстары жасалған.