Павлодарда Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары өтті. Қарағандылық теннисші Алан Құрманғалиев үш алтын мен қола жүлде жеңіп алып, осы турнирдің абсолютті чемпионы атағына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ракетка шебері жеке, жұп және аралас разрядтарда жеңіске жетіп, командада қола жүлдегер атанды.
Нәтижесінде Қарағанды облысының құрамасы бірінші орын иеленді. Команданың есебінде төрт алтын, бір күміс және төрт қола медалі бар.
Қарағанды облысы