Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы атысты тоқтату режимінің енгізілуіне байланысты бұл өңірге рейстерді қайта жаңғыртты. Рейстер Иран аумағынан айналып ұшатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 маусым күні келесі рейстер орындалады (уақыт жергілікті бойынша көрсетілген):
KC205 Астана – Дубай, 11:00; KC206 Дубай – Астана, 16:40; KC653 Алматы – Доха, 11:00; KC654 Доха – Алматы, 15:05; KC897 Алматы – Дубай,11:15; KC898 Дубай – Алматы, 16:10Сондай-ақ, ең үлкен әуе кемесі Boeing 767 арқылы арнайы репатриациялық рейс KC8980 Дубай – Алматы бағыты бойынша 17:40-та орындалады. Аталған рейстерге билеттер сатылымға ашық.
«Рейстер ұшу қауіпсіздігінің жоғары халықаралық стандарттарына сай орындалады», делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық әуе компаниялар Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік мақсатында Дубай мен Доха бағытындағы бірнеше рейсті уақытша тоқтатқан болатын.