• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Литвадан еліміздің тарихына қатысты деректер табылды

30 рет
көрсетілді

Литва Республикасында жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Қазақстан Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің қызметкерлері еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты деректер тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Табылған құжаттар қатарында 1975 жылы Вильнюс қаласында өткен Қазақ киносының күндеріне байланысты, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы делегациясының Литваға сапары, ҚазақКСР-нің халық әртісі Нұрмұхан Жантөрин мен ҚазақКСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, режиссер Сұлтан Қожықовтың литвалықтармен кездесулері туралы деректі материалдар бар.

Сондай-ақ бұрынғы Көкшетау облысындағы тыңигеру жұмыстарына литвалық мамандардың қатысқаны туралы да құнды мәліметтер табылды. Бұл мәліметтердің арасында олардың мектеп жанындағы лагерьлерде, медицина пункттерінде, құрылыс саласында еңбек еткені және қазақ халқының салт-дәстүрімен танысқаны жөніндегі құнды деректер кездеседі.

Зерттеу жұмыстарын Қазақстан Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Сатаева жүргізіп, Вильнюс, Каунас және Клайпеда қалаларындағы Орталық мемлекеттік архивтерінде болған.

Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында аймақтық архив басшыларымен кездесулер өтіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланған.

«Нәтижесінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ және литвалық әйелдердің бейнесіне арналған фотокөрме ұйымдастыру жөнінде келісім жасалды», делінген хабарламада.