• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Константин Авершин – қоғамдық кеңес төрағасы

40 рет
көрсетілді

Жуықта республикалық Қоғамдық консультативтік кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, көпшілік дауыспен Парламент Мәжілісінің депутаты Константин Авершин төраға болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аталмыш кеңестің міндеті – еліміздегі медициналық қауымдастықтың мүддесін қорғап қана қоймай, денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелерді ашық көтеріп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Кеңестің қалған мүшелері – денсаулық сақтау саласының барлық мәселелерімен етене таныс әрі медицина жүйесін терең меңгерген сарапшылардан құралғандықтан (медициналық ұйымдардың басшылары, республикалық ғылыми орталықтардың өкілдері, бірлестіктер мен қауымдастықтар, депутаттар), олардың тарапынан әсіресе медициналық көмекті қаржыландыруға қатысты маңызды мәселелерді егжей-тегжейлі қарастыру ұсынылды.

Атап айтқанда, Кеңес мүшелері медициналық ұйымдарға қаражатты бөлу тәртібін, мониторинг жүйесіндегі өзгерістерді, сондай-ақ көрсетілген медициналық қызметтер үшін ұйымдарға уақытылы ақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған шараларды сараптауға баса назар аудармақ.