• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 11:33

Алматыда 8 саусақпен туған балаға ота жасалды

20 рет
көрсетілді

Алматыдағы №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасында аяқ-қолдың туабітті және жүре пайда болған кемістігінің зардабын тартып келе жатқан балаларға реконструктивтік оталар жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аурухананың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше халықаралық шеберлік дәрісіне еліміздің түпкір-түкпіріндегі клиникаларда ортопедия-травматология, микрохирургия бөлімдерінде еңбек ететін дәрігерлер қатысқан. 

«РФ-ның Санкт-Петербург қаласынан шақырылған хирург Сергей Голянның жетекшілігімен өткен шеберлік сабағы кезінде қазақстандық балаларға 8 күрделі ота жасалды. Оған қоса Ресейдің атақты пластикалық хирургі тағы 20 кішкентай пациентке кеңес беріп, отандық әріптестерімізге микрохирургия саласындағы озық әдістемелер жөнінде лекциялар оқыды. Бұл шараның Қазақстандағы балалар микрохирургиясын дамытуға қосар үлесі зор», деп атап өтті №2 ҚБКА директоры Марат Рабандияров.

Күрделі операциялардың бәрі МӘМС қаражаты есебінен жасалды. Пациенттердің ең кішісі 1 жаста. Бала анасынан 8 саусақпен туған. Полифалангия деп аталатын кемістік салдарынан өсіп келе жатқан баланың қолындағы артық саусақтар ойыншықтарды ұстап, алақанын ашып-жұмуға кедергі келтіріп келеді. Бүгінгі шара барысында дәрігерлер отаны зергерлік шеберлікпен орындап, сәбиге толыққанды өмір сүруге мүмкіндік сыйлады.

«Біз үшін бұл керемет жаңалық болды. Осындай отаны Алматыда, тегін жасатамыз деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген еді», дейді анасы.

Хирург Сергей Голянаның айтуынша шеберлік класын жәй ғана тәжірибе алмасу деп қарастыруға болмайды.

«Себебі біз қазақстандық әріптестермен бірге балалардың болашақта емін-еркін қимылдап, қалыпты өмір сүруіне жағдай жасадық», деп атап өтті хирург.