• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:01

Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін

10 рет
көрсетілді

Жоғарғы сот Перизат Қайраттың соты қандай жағдайда ашық түрде, тікелей эфирден көрсетілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.  

«Біз біргеміз» қайырымдылық қорының негізін қалаушылардың бірі Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс сотқа түскен жоқ. Егер Перизат Қайратқа қатысты соңғы қылмыстық іс сотқа жолданса және қоғам мен заңгерлер қауымдастығынан сұраныс болса, сот отырыстарын тікелей эфирде көрсету мәселесі қаралуы мүмкін», делінген Жоғарғы соттың ресми жауабында.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Перизат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтағаны хабарланған болатын. Биылғы жылдың 19 наурызынан бастап процеске қатысушылар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен таныса бастаған. Ұрланған қаржының жалпы көлемі — 3,5 млрд теңге. Қылмыстық жолмен алынған, жалпы құны 865 млн теңге болатын барлық мүлікке тыйым салынған.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжілісте өткен брифингте Перизат Қайрат ісі бойынша сот қашан басталатынын айтты.

«Қылмыстық іс аяқталды. Қазір процестің қатысушылары қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Ол бұл процесті әдейі созғандықтан, арнайы график бекітілді, ол 9 маусымда аяқталады. Танысу аяқталғаннан кейін Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес, оның өзі мен адвокаттарына өтініш білдіруге үш күн беріледі. Себебі, танысып шыққан соң, олардың тарапынан қандай да бір өтініштер туындауы мүмкін», деді Жеңіс Елемесов.