АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы 12 күнге созылған қарулы қақтығыстың аяқталғанын және толық атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгенін жариялады. Бұл туралы ол дүйсенбі күні кешке Truth Social платформасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Трамптың айтуынша, атысты тоқтату кезең-кезеңімен жүзеге асады:
Алғашқы 6 сағат ішінде тараптар барлық әскери операцияларын тоқтатады; 12 сағаттан кейін Израиль толық бейбіт режимге қосылады; 24 сағат ішінде атысты толық тоқтату келісімі күшіне енеді.Иран тарапы катарлық және америкалық ұсынысқа келіскен. Алайда Израиль үкіметі ресми түрде ешқандай пікір білдірмеген. Бұған қарамастан, Израильдің соғысты тоқтатуға дайын екені туралы ақпараттар Вашингтонға жеткізілгені белгілі болды.