Аустралиялық ғалымдар ми жасушаларын қалпына келтіретін ерекше «PDI» ақуызын тапты. Бұл ақуыз жасуша ішіне еніп, зақымданған ДНҚ-ны емдейді.
Ғалымдар оның көмегімен Альцгеймер мен Паркинсон сияқты нейродегенеративті ауруларды емдеуге болады деп үміттеніп отыр. Зерттеулерге сәйкес, бұл ақуызсыз жасушалар ДНҚ-ны қалпына келтіре алмайды, ал қайта енгізілгенде сауығу үдерісі басталады. Қазір ғалымдар осы «PDI» ақуызына негізделген гендік терапия жасап жатыр.