• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Кеше

Азаматтарды жеке қабылдау – сенім мен тиімді диалогтың кілті

100 рет
көрсетілді

Қоғам мен билік арасындағы ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату – кез келген мемлекеттің басты саясаты. Осы тұрғыда азаматтарды жеке қабылдау – мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы тікелей және шынайы диалог орнатудың маңызды құралы саналады. Бұл тек формалды рәсім емес, нақты мәселені шешуге бастайтын пәрменді тетік.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін айына кемінде бір рет, тиісті мемлекеттік органның басшысы бекіткен қабылдау кестесіне сәйкес, жеке қабылдауға міндетті екені нақты көрсетілген. Бұл – заңмен бекітілген жауапкершілік қана емес, сондай-ақ қоғаммен байланыс жасаудың жүйелі жолы.

Цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде көптеген қызмет түрі онлайн форматқа көшкенімен, жеке қабылдаудың маңыздылығы төмендеген жоқ. Керісінше, ол – азамат пен шенеунік арасындағы диалогтың баламасыз алаңы деп есептеледі. Қабылдау барысында отандастарымыздың жүгінген мәселесіне деген эмоциясын тікелей сезініп, жазбаша өтініштерде назардан тыс қалып, көрінбей қалатын тұстарды аңғаруға болады. Бұл әсіресе жағдай шұғыл шешім қабылдауды талап еткенде аса маңызды.

Бүгінде тәжірибе барысында байқағанымыз, қабылдаулар кезінде ресми есептерде айтылмайтын, жиі назардан тыс қалатын мәселелер көтеріледі. Мысалы, заңнамадағы олқылықтар, нормалардың жергілікті жерлерде тиімді қолданылмауы, заң мен шынайы өмір арасындағы алшақтық.

 

Мира ШӘУӘЛИ,Бас прокуратураҚұқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментіӨтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры