• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 13:08

Қытайдан Қазақстанға әуе билеттеріне сұраныс 86%-ға артты

20 рет
көрсетілді

Қытайлық туристік агенттіктердің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы жартысында Қытайдан Қазақстанға әуе билеттерін брондауға деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 86%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарапшылардың дерегінше, Қытай азаматтарының Орталық Азия елдеріне әуе қатынасына қызығушылығы едәуір өскен. Мәселен, Өзбекстанға билет брондау 78%-ға, Тәжікстанға – 48%-ға, ал Қырғызстанға сапарлар саны екі еседен аса көбейген.

Соңғы айларда Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы әуе байланысы белсенді кеңейіп жатыр. Жақын арада China Eastern Airlines компаниясы Шанхай – Алматы бағыты бойынша жаңа рейс ашуды жоспарлаған, ал China Southern Airlines әуе компаниясы Гуанчжоу – Алматы және Гуанчжоу – Ташкент бағыттарында тұрақты рейстерді іске қосады.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим енгізілгеннен кейін туристік ағым қарқынды өсе бастаған. 2024 жылы Қазақстанға келген ҚХР азаматтарының саны 655 мың адамды құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға артқан.

Сонымен қатар, Қытайдың ірі туристік онлайн платформаларының бірі 2025 жылға арналған ең перспективалы бағыт ретінде Қазақстанды атады.Айта кетейік, Қазақстан – Қытаймен визасыз режим енгізген алғашқы Орталық Азия елдерінің бірі.