• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Табиғат Бүгін, 15:38

Жайық өзеніне 2,1 млн бекіре тұқымдас балықтардың шабағы жіберілді

50 рет
көрсетілді

Балық шаруашылығы комитетінің мәліметінше, бағалы балықтардың шабағы Атырау бекіре зауытында өсірілген, деп жазады Egemen.kz.

Жайық өзеніне жіберілген су маржанының арасында пілмай, бекіре және қортпа балығының шабағы бар.

«Табиғи мекендеу ортасына 2,1 млн пілмай, бекіре және қортпа балықтарының шабағы жіберілді. Бұл 2025 жылға арналған балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылды. Биыл Атырау бекіре балық өсіру зауытымен жіберілетін балық шабақтарының көлемі 5 млн дананы құрайды. Қазір су айдындарында балық қорын молайту жұмысы жалғасып жатыр», деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Су айдынына балық шабақтарын жіберу жұмысына арнайы комиссия бақылау жүргізді. Комиссия құрамында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының, Атырау облысы әкімдігінің, «Qazaq Balyk» ЗТБ және «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Атырау филиалының өкілдері бар.