• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 18:35

Тау етегіндегі табысты жоба

20 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылында тұратын кәсіпкер Бауыржан Уалханов туған жерінде туризмді дамытуды қолға алған. Ол «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5% жеңілдікпен 8,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, шағын қонақ үй ашқан, деп жазады Egemen.kz.

Бүгінде оның шағын кәсібі ауылға келетін туристерді қабылдайтын қолайлы әрі қолжетімді демалыс орнына айналды. Табиғаты көркем Катонқарағайға қызығушылық танытатын қонақтар үшін бұл үлкен мүмкіндік. Кәсіпкердің бастамасы тек жеке табыс көзі ғана емес, жергілікті экономиканы жандандыруға да үлес қосып отыр.Қонақ үй көрсететін негізгі қызмет түрлері: қонақтарды қабылдап, жайғастыру; жайлы және қауіпсіз демалыс орнын ұсыну; бөлмелерді тазалау, төсек-жабдықтарды ауыстыру; таңғы ас және қажет болған жағдайда ұлттық тағамдар әзірлеу; туристерге жергілікті бағыттар мен көрікті орындар туралы ақпарат беру.Бауыржан Уалханов бұл жобаның өзі үшін қаншалықты маңызды болғанын атап өтті:

«Ауыл аманаты – кәсіп бастаймын деген азаматтарға үлкен мүмкіндік. Осындай қолдаудың арқасында мен өз арманымды іске асырып, туған ауылымда туризмді дамытып жатырмын. Бұл бағдарламаның шынайы көмегін көріп отырмыз. Елді мекендерді дамытуға бағытталған мұндай бастамалар көп болса екен», дейді ол.

Катонқарағайдың көркем табиғаты мен таза ауасы ішкі туризмнің маңызды бағыттарының бірі. Уалхановтың бастамасы – бұл өңірде туризмнің әлеуетін арттыруға бағытталған жарқын үлгі.«Ауыл аманаты» бағдарламасы – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлік экономиканы әртараптандыруға бағытталған маңызды жоба. Уалханов Бауыржан сынды белсенді азаматтардың арқасында бұл бағдарлама өз нәтижесін беріп келеді.