• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.55
  • EUR:
    596.03
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:40

Ақмола облысында жұмыс орнында есірткі сатқан ер адам ұсталды

20 рет
көрсетілді

Ақмола облысында «Қарасора-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер 38 жастағы құрылысшыны есірткі заттарын заңсыз сатты деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіні ұстау арнайы операция барысында жүзеге асқан. Іс-шараға қылмыстық полиция қызметкерлері, аудандық ҰҚК бөлімшесі, прокуратура, арнайы жасақ және 5510 әскери бөлімінің кинологы қатысқан.

Күдікті құрылыс алаңында жұмыс орнында қолға түскен. Ол тыйым салынған зат салынған ораманы сатып алушыға тапсырған сәтте ұсталды. Сараптама нәтижесі орам ішіндегі заттың кептірілген марихуана екенін растады.

Тұрғылықты мекенжай бойынша жүргізілген тінту кезінде шаруашылық құрылыс ішінен бірнеше орама табылып, тәркіленген. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 258,1 граммды құрайды. Барлық заттар сараптамаға жіберіліп, олардың есірткілік қасиеті расталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын сату мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау немесе өткізу) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.