• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Маусым, 2025

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

30 рет
көрсетілді

Алматы қаласында 18 маусым күні кешкі сағат 20:15 шамасында Қорғалжын тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Audi маркалы автокөліктің жүргізушісі солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі металл қоршауға соғылған.

«Апат салдарынан көліктегі бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.