• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 11:43

Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тікұшақпен толықты

10 рет
көрсетілді

Министрлік тарапынан берілген Ми-8АМТ маркалы құтқару тікұшағы департамент балансына ресми түрде тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімі Дастан Рыспеков жаңа әуе көлігінің техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

2020 жылы шығарылған Ми-8АМТ тікұшағы сағатына 250 шақырым жылдамдықпен ұшып, 4700 метр биіктікке дейін көтеріле алады. Техника заманауи талаптарға сай жабдықталған.

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамын және жүгін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарына шұғыл жеткізеді. Өрт сөндірушілерді өрт аймақтарына жеткізу және десантпен түсіру, орман алқаптарын әуеден бақылау және аэрофототүсірілім жүргізеді.

Сонымен қатар тікұшақ ауыр халдегі науқастар мен зардап шеккендерді жедел эвакуациялау, әуе апаттарына ұшыраған әуе кемелері мен олардың жолаушыларын, сондай-ақ төтенше жағдай аймақтарындағы халықты іздеу және құтқару міндеттерін атқарады.

Ұлытау облысы