Президент • 17 Маусым, 2025

Тоқаев: Орталық Азияда әлемдік уран қорының 20 пайызы, мұнайдың 17 пайыздан астамы, табиғи газдың 7 пайызы және мол сирек кездесетін металдар шоғырланған

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөз сөйлеп, өңірлік тұрақты дамудың негізі ретінде энергетика саласындағы ықпалдастықтың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев: Орталық Азияда әлемдік уран қорының 20 пайызы, мұнайдың 17 пайыздан астамы, табиғи газдың 7 пайызы және мол сирек кездесетін металдар шоғырланған

Фото: Ақорда

Президенттің айтуынша, Орталық Азия өңірі энергетикалық ресурстар мен стратегиялық шикізат қорына бай, бұл оны жаһандық энергетикалық нарықтағы маңызды ойыншыға айналдырады.

«Әлемдегі уран қорының 20 пайызы, мұнайдың 17 пайыздан астамы, табиғи газдың 7 пайызы, сондай-ақ сирек кездесетін металдардың мол кені Орталық Азияда шоғырланған. Яғни бұл саладағы әлеуетіміз орасан зор. Біз озық технологиялар алмасуға және энергетика инфрақұрылымдарын жаңғыртуға ниеттіміз. Сондай-ақ аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, технологиялық тұрғыдан ілгерілеуге және қуат көздерін әртараптандыруға мән берген жөн», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қытайдың ядролық энергетикадағы табысты тәжірибесіне ерекше тоқталып, бұл салада стратегиялық әріптестік орнатуға Қазақстан мүдделі екенін жеткізді.

«Қытай Халық Республикасының ядролық энергетиканы дамытудағы бай және табысты тәжірибесін ескере отырып, аталған стратегиялық салада орнықты ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Жуық арада келісімге қол қоюға дайындаламыз», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше