• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 16:22

Қытаймен шекарада айналма жол салынады

10 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен бельгиялық Sarens компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Людо Саренс ел аумағындағы ірі инфрақұрылымдық жобаны талқылады. Кездесу барысында «Нұр жолы» өткізу бекетінің айналма жолын салу жоспарлары мен машина жасау саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоба шекара маңы инфрақұрылымының өткізу қабілетін едәуір арттырып, көлік ағындарына түсетін жүктемені азайтуға бағытталған. Салмағы 100 тоннадан асатын ірі габаритті жүктерді өткізуге арналған ұзындығы 3,2 шақырым, ені 12 метр болатын айналма жол, сондай-ақ ауданы 81,6 гектарды құрайтын автотұрақтар кешенін салу жоспарланған. Сонымен қатар, қосымша автожол көпірі мен қажетті инфрақұрылым құрылысын жүргізу жоспарланған.

Аталған нысандар компанияның жеке инвестициясы есебінен салынады. Жобаның жалпы құны шамамен 50 миллион АҚШ долларын құрайды.

Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бастаманың Мемлекет басшысының тапсырмаларына сай еліміздің көлік-логистика, сауда және транзиттік әлеуетін дамытуға зор үлес қосатынын атап өтті. Sarens компаниясының тәжірибесі мен технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, тараптар машина жасау саласында өндірісті локализациялау бағытында да ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін білдірді.

Кездесу соңында тараптар жобаға қатысты өзара қызығушылықтарын растап, алдағы уақытта әріптестікті кеңейтуге дайын екендерін мәлімдеді. Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға жобаны уақтылы әрі тиімді жүзеге асыру үшін қолдау көрсетуді тапсырды.