• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Медицина Кеше

Ақыл-ес ауытқушылығын анықтау мен емдеудің Ұлттық стратегиясы қабылданды

40 рет
көрсетілді

Алматыда неврология бойынша XXVI ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, Қазақстан мен көршілес елдердің жетекші ғалымдары неврологиялық ауруларды диагностикалаудың заманауи әдістері мен емдеудіңжаңа тәсілдерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Конференция барысында алаңдатарлық дерек алға тартылып — өткен жылы Қазақстанда бірінші рет жүйке жүйесі ауруларының 200 мыңнан астам жағдайы тіркелгені мәлім болды. Паркинсон ауруына шамамен тағы екі мыңдай адам душар болса, 600-ден астам пациентке шашыраңқы ұмытшақтық деген диагноз қойылған.

Әсіресе, мамандарды жастар арасындағы когнитивті ауытқулардың белең алуы алаңдатып отыр. Мысалы, 14-28 жас аралығындағылардан 164 мыңнан астам неврологиялық кесел түрлері анықталған. Оның ішінде Паркинсон ауруы 5 адамнан, ал шашыраңқы ұмытшақтық диагнозы— 165 жас пациенттен табылды. 

17 жасқа дейінгі балалар арасында да жүйке жүйесі ауруларының көбейіп – 60 мыңнан астам диагноз қойылған. Оның ішінде 25 мыңға жуық бала осы дертке бірінші рет шалдвғып отыр.

Ал өткен жылы талма, яғни эпилепсия алғаш рет 1656 баладан анықталып, 32 балаға миастения, 19 балаға шашыраңқы ұмытшақтық диагнозы қойылды.

Конференцияның маңызды оқиғаларының бірі — Қазақстандық Альцгеймер ауруы мен деменция Альянсының құрылуы, сондай-ақ когнитивті бұзылыстарды диагностикалау мен емдеу бойынша Ұлттық стратегияның қабылдануы.

Талқылаға түскен тақырыптардың ішінде эпилепсияны емдеу қағидаттары, арқа ауруларына ем-дом жүргізудің заманауи алгоритмдері, мазасыздық, дербірсіздік сияқты жағдайларда жеке, дербестендірілген емдеу тәсілі, шашыраңқы ұмытшақтық кезінде B-жасушалық терапияның келешегі мен ауырсынуды жеңудің мультимодальды әдістері қарастырылды. 

Ғылыми форумның тағы бір маңызды оқиғасы — елдің жетекші медициналық жоғары оқу орындарының студенттері, резиденттері, магистранттары мен жас мамандары арасында өткен жас ғалымдар байқауы еді. Байқауға 29 баяндама ұсынылған

Студенттер арасында бірінші орынды Алдияр Бекнұр («Астана Медицина Университеті» НАО) Фабри ауруының неврологиялық көріністері туралы баяндамасы арқылы жеңіп аллы. Екінші орын студенттер — Рахул Кумар Чопра, Рашми Миттал мен Бхагьяшри Шуклеге (Қазақстан-Ресей Медицина Университеті) когнитивті бұзылыстар кезіндегі коммуникативтік дағдыларға қатысты зерттеулері үшін берілді. Астана Медицина Университетінің студенті Оңалсын Нұрайымға жүрек миксомасының неврологиялық көріністері туралы баяндамасы үшін үшінші орын бұйырды.

Резиденттер арасында бірінші орынды Мариям Жолдыбаева, Ажар Маманова мен Нұржас Үкібаев (ҚазҰМУ) спастикалық диплегиясы бар балалардағы қауіп факторларын зерттегені үшін иеленді.

Екінші орынды С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің екі командасы өзара бөлісті: бірі — саумал терапиясы жұмысы үшін, екіншісі — неврологиялық қабылдауларға арналған онлайн-платформаны әзірлегені үшін.

Екінші орынға — «Неврология» мамандығы бойынша білім алып жатқан резидентура тыңдаушылары Әлібек Алтаев, Бақыт Мұхамбетова, Маржан Өксікбай, Мерей Бөбек(ҚазҰМУ) лайық деп танылды.

Магистранттар мен жас мамандар арасында Динара Құрманова (ҚазҰМУ) селективті дорсальды ризотомия туралы баяндамасымен бірінші орын алса, екінші орын — Ботагөз Бота (Қарағанды медицина университеті) мен Жаңылсын Урашеваға (БҚМУ) инсульт нейрореабилитациясы және ишемиялық инсульттің болжамдық маркерлері бойынша зерттеулері үшін берілді.