• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Кеше

Жерді салқындату тәсілі

30 рет
көрсетілді

Адамзат талайдан бері ғаламдық жылынудың салдарын сезініп келеді. Климат өзгеріп, аптап ыс­тық жиілеп, мұздықтар еріп жатыр. ­Осын­дай сәтте британдық ғалым­дар Жерді салқындатудың тосын әрі таңғаларлық тәсілін ұсынды.

Зерттеушілер мұхит тұзын ауаға шашу арқылы Күн сәулесін кері қайтармақшы. «Reflect» атты ғылыми жобаның мақсаты – теңіз үстіндегі бұлттардың жарықтығы мен шағылыстырғыштығын арттыру. Ол үшін арнайы құрылғылар арқылы теңіз тұзының ұсақ бөлшектері ауаға шашылады. Бөлшектер бұлттардың құрамы­на қосылып, оларды «ағартуға» сеп болады. Ақ бұлттар Күн сәулесін көбі­рек шағылыстырып, Жер бетіне түсетін жылу мөлшерін азайтады деген есеп бар. Ғалымдар зертханалық жағдайда және ашық теңізде тәжірибе жүргізуді жос­парлап отыр.