• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Медицина Кеше

Жас ғалым ми инсультінің алдын алатын әдіс ойлап тапты

50 рет
көрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас зерттеушісі Ажар Тұрсынова ми инсультін ерте анықтауға арналған жасанды интеллектке негізделген кешенді жүйе әзірледі. Ғылыми жаңалық инсультті дер кезінде болжауға, жедел медициналық шешім қабылдауға және адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ажар Тұрсынованың айтуынша, қазіргі таңда инсульт – денсаулық сақтау саласындағы өзекті жаһандық мәселе.

«Бүгінгі таңда ми инсульті әлем бойынша денсаулық сақтау саласындағы жаһандық проблема. Инсультті диагностикалауда түрлі тәсілдер қолданылады. Бұл көп уақытты қажет ететін ауыр жұмыс. Негізінен, ми инсультін анықтау және сегментациялау компьютерлік томографияға (КТ) және магнитті-резонанстық томографияға (МРТ) байланысты. Рентгенологтар мен невропатологтар алынған кескіндерге өздері сараптама жүргізеді, бірақ инсульт көріністері әлсіз байқалатын суреттерді зерттегенде қателіктерге алып келуі ықтимал. Ал біздің әдіс, яғни жасанды интеллектіні пайдалану жедел диагностикалық жұмыстарды жүргізуге көмектеседі. Медициналық суреттерді жылдам талдауға және түсіндіруге мүмкіндік береді, бұл инсультті анықтау диагностикасын тездетеді»,  дейді ҚазҰУ ғалымы Ажар Тұрсынова.

Жасанды интеллект негізіндегі жаңа жүйе бұл мәселені шешуге бағытталған. Ол медициналық суреттерді жылдам әрі дәл талдауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде инсультті ерте кезеңде анықтау және нақты шешім қабылдау үдерісі айтарлықтай жеделдейді.

Ғалым бұл жобасы үшін патент алып, ғылыми журналдарда мақалалар жариялаған. Алдағы уақытта зерттеуші әдістемені әрі қарай жетілдіріп, нақты медициналық практикаға енгізуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар