• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Абай облысында бүтін бір ауыл ішімдіктен бас тартты

30 рет
көрсетілді

Абай облысының Бородулиха ауданына қарасты Зубаир ауылының тұрғындары ішімдіктен толық бас тарту туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

400-ден астам тұрғыны бар ауылда енді алкогольдік сусындар сатылмайды. Ауыл дүкендерінен ішімдік мүлде алынып тасталған, ал тұрғындар бір ауыздан бұл шешімді қолдаған.

Жергілікті белсенділер мен ақсақалдар кеңесінің айтуынша, бұл қадам ұрпақ тәрбиесіне, қоғамдық тәртіп пен денсаулыққа оң әсер етеді. Ауылда жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу жұмыстары да күшейтілген.

Соңғы жаңалықтар