ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы А.Мерғалиев Минск қаласына жұмыс сапары барысында Беларусь жоғары сот органының төрағасы Валентин Сукаломен және осы соттың сот корпусымен кездесіп, сот жүйесін жаңғырту – сот ісін жүргізу сапасын арттыру, медиация мен әкімшілік әділетті дамыту мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасты, тараптар тәжірибе алмасу елдердің дамуына қосымша серпін беретініне сенім білдірді, деп жазады Egemen.kz.
А.Мерғалиев әңгімелесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан сот реформасы туралы айта келіп, сот төрелігінің сапасы мен соттардың тәуелсіздігін арттыру, сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейту және цифрландыруды дамыту шараларын атап өтті.
Еліміздегі сот ісін жүргізуді цифрландыруға, сот төрелігінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру үшін IT-технологияларды пайдалануға Беларусь Республикасының судьялары қызығушылық танытты.
В.Сукало тәжірибе алмасудың жоғары кәсіби деңгейіне, сот төрелігінің тәуелсіздігі мен тиімділігі тәсілдерін іске асыруға, сот әкімшілігіндегі прогрессивті жаңашылдықтарды интеграциялауға қызығушылықты және Қазақстандағы сот реформаларының жүзеге асырылу қарқынын атап, сот корпусына сот билігінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізсе деген тілегін білдірді.