• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Маусым, 2025

«Самұрық-Қазынаның» табысы айтарлықтай өсті – Нұрлан Жақыпов

60 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры соңғы жылдары тұрақты қаржылық өсімді көрсетіп келеді. Бұл туралы Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Астанада өткен Қор қызметінің аралық қорытындыларына арналған брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2021–2024 жылдар аралығында Қордың негізгі қаржылық көрсеткіштері мынадай деңгейде өскен:

Табыс – орта есеппен жыл сайын 12%-ға артты; EBITDA – 7%-ға өсті; Таза пайда – 13%-ға ұлғайды.

«Әлем бойынша экономикалық тұрақсыздық жағдайында мұнай бағасының арзандауына қарамастан, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қор тобының таза пайдасы 2,4 трлн теңге болды. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 39%-ға жоғары», деді Жақыпов.

Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап активтердің орташа жылдық өсімі 11%-ды құрап, 2024 жылдың соңында Қордың жалпы активтері 41 трлн теңгеге жеткен.

Жақыповтың айтуынша, бұл жетістіктер стратегиялық басқарудың тиімді жүзеге асырылып жатқанын, қаржылық тәртіптің сақталғанын және инвестициялық жобалардың бірізді орындалғанын дәлелдейді.