• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жұмысшы мамандықтар жылы 12 Маусым, 2025

Тәжірибеден өткен студенттер саны төрт есе артқан

30 рет
көрсетілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен еліміздегі жетекші ЖОО арасында жасалған меморандумдар шеңберінде былтыр 80 студент өндірістік тәжірибеден өтсе, биыл 339 студент (288 студент университеттерден, 51-і колледждерден) тәжірибе жинаған, деп жазады Egemen.kz.

Биыл өндірістік тәжірибеден өткен студенттердің географиялық аумағы да кеңейе түскен. Әсіресе Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Батыс Қазақстан филиалдары белсенділік танытқан. Сонымен қатар Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан Солтүстік Қазақстан өңірлерінде де техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының студенттері тартылған.

Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпованың айтуынша, Су ресурстары және ирригация министрлігі бастамасымен қолға алынған бұл бағыт болашақта су ресурстарын реттеу, ирригация, экожүйе балансы секілді стратегиялық маңызы бар салаларда отандық мамандардың сапасын арттыруға ықпал етеді.

«Сонымен қатар меморандум шеңберінде бірқатар жоғары оқу орнында жаңа мамандықтар, соның ішінде «Су дипломатиясы» сияқты заманауи бағыттар ашылып жатыр», деді Л.Жүсіпова.