Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан бір адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай кезінде қызыл жалын шамамен 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Бірнеше тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстар өрт құшағында қалған. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 15 техника мен 50-ден астам қызметкердің көмегімен жалынды толық ауыздықтаған.
Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.